«Атлетико» футболшысы жаттығу кезінде есінен танып қалды

Мадридтің «Атлетико» клубының бір күндік жаттығуында шабуылшы Мусса Дембеле есінен танып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы Дембелеге клуб дәрігерлері тарапынан бірден медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл оқиғаға қан қысымының күрт төмендеуі себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, Мусса Дембеле коронавирус инфекциясын жұқтырған клубтағы бірнеше футболшыларының тізіміне енген болатын.