Сурдлимпиадалық спорт: еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында еркін және грек-рим  күресінен ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстанның 12 облысынан есту қабілеті төмен 150-ден астам спортшы қатысты. Боз кілемде балуандар 10 салмақ бойынша сынға түсті. Ал, бұл сайыс жазда Түркияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу сыны. «Сурдолимпиадалық спорт түрлеріне қатысушылар саны көбейіп келеді», - дейді сала мамандары.

Ерсана Қапаров, облыстық сурдо еркін және грек-рим күресінен аға жаттықтырушы:

- Біздің Ақмола облысынан 11 спортшымыз қатысуда. Соның ішінде қазіргі төртінші күннің нәтижесі бойынша екі алтын, екі күміс және үш қоламыз бар. Келген командалар да өте жақсы дайындалған. Атап өтетін болсақ, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Алматы қаласы.