426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ла Лига: «Реал» «Барселонаны» жеңіп, көш бастады

  • 146
  • UPD: 10:29, 11.04.2021
Ла Лига: «Реал» «Барселонаны» жеңіп, көш бастады Realmadrid.ru

Испания чемпионатының 30-турының орталық матчында мадридтік «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтегі кездесу 2:1 есебімен Зинедин Зидан шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Кәрім Бензема мен Тони Кросс гол соқты. Католондықтар қатарынан Оскар Мингеса мергендік танытты.

Тур қорытындысы бойынша «Реал» 66 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша «Атлетикодан» озып, көш бастады. Бірақ «матрасниктер» осы турдың ойының әлі өткізген жоқ. «Барселонада» 65 ұпай.

Ла Лига. 30 тур.

«Реал Мадрид» – «Барселона» - 2:1

Гол авторлары: Бензема (14), Кроос (28) - Мингеса (61).

Хабар 24 телеарнасы