Конте мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстауы мүмкін

Мадридтің «Реалы» «Интер», «Челси» және «Ювентус» клубтарының бұрынғы жаттықтырушысы Антонио Контемен келіссөздер жүргізуде.

Италиялық маманға «Реалдың» басшылығы қызығып отыр.

Конте осы маусымда «Интермен» Италия чемпионы атанғаннан кейін, кеше клубтан кетті.