«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубы Алексей Шпилевскийдің бас бапкердің қызметінен кеткені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

– «Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. Біздің клубта 2,5 жыл жұмыс істеген Алексей Шпилевский бас бапкер қызметінен кетті.

Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін «Қайрат» маманның болашақ клубы «Эрцгебиргтен» өтемақы алады.

Осыған орай, осы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған қазақстандық маман Кирилл Кекер «Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ал жастар командасын Академия жаттықтырушысы Кирилл Морунов басқарады», – делінген клубтың хабарламасында.