Токио олимпиадасы: еркін күрестен ел құрамасы белгілі болды

Еркін күрестен Токио олимпиадасында ел намысын қорғайтын балуандар тізімі белгілі болды.

Олар: 57 келіде – Нұрислам Санаев, 65 келіде – Дәулет Ниязбеков, 74 келіде – Данияр Қайсанов, 97 келіде – Әлішер Ерғали, 125 келіде – Юсуп Батырмұрзаев.

Айта кетейік, отандық еркін күрес шеберлері еншісінде 6 салмақтың бесеуінде Олимпиадаға жолдамасы бар. Әсет Серікбаев баптайтын спортшыларымыз 1 және 7 тамыз аралығында боз кілемде бақ сынайды.