Токио Олимпиадасының жарыстар кестесі жарияланды

Бокс, вело және ескек есу бойынша бәсекелер бірінші басталады.

Токио олимпиадасының жарыстар кестесі жарияланды. Оған сәйкес, ескек есу шеберлері ашылу салтанаты өтпей тұрып іске кіріседі. Ал жарыстың алғашқы күні, яғни, 24 шілдеде бокс пен дзюдодан іріктеу сындары ұйымдастырылады. Былғары қолғап шеберлерінің додасы 8 тамызға дейін жалғасады. Ал жапон жекпе-жегінің жарысы 31 шілдеде аяқталады.

Жарыстың алғашқы күндері велоспорт, семсерлесу және су добы шеберлері де өзара мықтыны анықтай бастайды. Ал құзға өрмелеу мен көркем гимнастика шеберлерінің сайысы олимпиаданың соңғы күндері өтеді.

Бұған дейін қазақстандық спортшылардың қай күндері жарыс жолағына шығатынын хабарлағанбыз.

ЕЛІМІЗДЕ ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Бастаманы осыдан бірер жыл бұрын елордадағы спорт басқармасы қолға алған. Қазір басқа қалалар да оны іліп әкетіп, кеңінен дамытуға кірісті. Жарыс табалы бойынша кез-келген аула командасы бағын сынай алады. Ең бастысы ойыншылардың жасы 10 мен 12 аралығында болу керек. Олар демалыс күндері қаладағы және қала сыртындағы алаңдарында өзара мықтыны анықтайды. Мәселен, бүгінге дейін  70-тен аса команда қатысып үлгерді. Жарыс тамыздың соңына дейін жалғасады. Нәтижесінде, ең үздіктеріне арнайы кубок табысталады. Ал ерекше көзге түскен балаларды мүмкіндігінше кәсіпқой бапкерлер мен клубтардың қарамағына ұсыну жоспарланып отыр.