ЕURO-2020 турнирінің үздік голы анықталды (видео)

Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шиктің Шотландия қақпасына соққан голы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздігі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап.

Шик топтық кезеңде Шотландия қақпасына 45 метрден аса қашықтан гол соқты. Бұл Еуропа чемпионаттары тарихында ең алыстан салынған гол болып тіркелді.

ЕURO-ның үздік голына он шақты үміткерді УЕФА техникалық бақылаушылары анықтаған. Ал номинация үздігін жанкүйерлер таңдады. Оған 800 мыңға жуық адам қатысқан.

Еске салайық, Шик 2020 жылғы Еуропа чемпионатында бес гол соққан болатын. Ал оның Чехия құрамасы турнирде ширек финалға жеткен. Дегенмен Шик турнирдің үздік сұрмергені болмады. Бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген португалиялық Криштиану Роналду үздік сұрмерген атанған еді.