Эльмира Сыздықова Олимпиададағы алғашқы белдесуінде қарсыласына жол берді

Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова бозкілемге шықты. Алғашқы айналымда оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Екеуара кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық Айпері Медетқызының еншісіне шешілді.

Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің балуандары да белдеседі. Ерлер арасында 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов шығады.