УЕФА Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» «Вильярреалды» жеңді

«Манчестер Юнайтед» «Вильярреалды» жеңді. Футболдан чемпиондар лигасының топтың кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші тур аясында ағылшын және испан клубары Манчестер қаласында жолыққан. Қонақтар алғаш болып есеп ашты. Артынша Алекс Теллес таразы басын теңестірді. Ал, шешуші гол қосымша уақытта соғылды. Авторы – Криштиану Роналду.

Осылайша, манчестерлік клуб 3 ұпаймен өз тобының үшінші сатысына жайғасты. Ал, «Вильярреал» 4-ші орында. Бұдан бөлек, топтық кезең аясында «Бавария» украиналық «Динамоны» айқын басымдықпен ұтты. Ал, Барселона Бенфикаға есе жебірді.

Айта кетейік, каталондық клуб осымен қатарынан екінші рет жеңіліп отыр. Ал, Санкт-Петербург қаласында «Зенит» пен «Мальме» жолығып, алғашқысы ірі есеппен жеңді. Ал, Чемпиондар лигасының алдыңғы жеңімпазы «Челси» «Ювентусқа» есе жіберді. Қорытынды есеп: 1:0. Жалғыз голды 46-шы минутта Федерико Кьеза соқты.