Қазақстанның грек-рим, еркін және қыздар күресі федерациясында басшы ауысты

Ерлан Қожасбай Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұндай шешім ұлттық федерацияның кезектен тыс Конфедерациясында қабылданды. 

Айта кетерлігі, ол осыған дейін аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқарды. 

Ерлан Қожасбай осыған дейін 2001-2005 жылдары федерацияның басшысы қызметінде болған. 

Ал күрес федерациясының бұрыңғы президенті Сауат Мыңбаев ұйымның құрметті президенті болып тағайындалды.