Надежда Ноғай допинг дауынан кейін үлкен спортқа қайта оралды

Әлемнің 5 дүркін чемпионы допинг дауына байланысты жарыстардан шеттетілген еді. Араға 5 жыл салып түркістандық қыз ел чемпионатынан табылды.

Ішкі біріншілікті Талдықорған қаласы қабылдады. 87 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Надежда қоссайыс қортындысы бойынша 220 келіні басынан асырып, жалпы есепте 2-ші орын алды. Бас жүлде Ақмола облысының өкілі Карина Құзғанбаеваға бұйырса, үздік үштікті қостанайлық Зинаида Захарченко түйіндеді. Бұған қоса, жарыстың соңғы күні ерлер арасында 3 салмақтағы үздіктер анықталды. Памостқа ауыр салмақ өкілдері шықты. Оның ішінде 96 келдіде алматылық  Нұрғиса Әділетұлы қарсылас шақ келтірмеді. 102 келіде қарағандылық Артем Антропов, 109 келіде қызылордалық Рахат Бекболат топ жарды. Ал аса ауыр салмақта шымкенттік Ибрагим Берсанов чемпион болды.

Айта кетейік, ел чемпионаты 6-шы қарашада басталды және оның нәтиесінде ұлттық құрама жасақталып, алдағы құрлықтық және әлемдік додаларға дайындықты бастайды.

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Олимпиададан жүлде алуға болады. Әлем Кубоктары осыны байқатты. Енді қателіктерді түзеп, қарқынды үдете беру керек. Шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері осындай пікір білдірді.

Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз жігіттер дәл қазір елордада жаттығу жинын өткізіп жатыр. Алдағы аптада әлем кубогының кезекті кезеңдеріне аттанады. Олар Мажарстанда және Голландияда болады. Нәтижесінде олимпиаданың жолдамалары таратылады. Бұған дейін ұлттық құрама Қытайда және Жапониядағы әлемдік аламандарға қатыстып, ұзақ үзілістен кейінгі бабын байқады. Көрсеткіш жаман емес. Тіпті, жүлдеге іліккендері де бар. Ал негізгі мақсат олимпиадаға 10 жолдама жеңіп алу дейді бас бапкер.

Айта кетейік, Бейжеңдегі қысқы ойындар 4 ақпанда басталады.