Конькиші Екатерина Айдова В финалында екінші орынға табан тіреді

Бұл күндері Польшада конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық Екатерина Айдова В финалында екінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айдова 1500 метрге жүгіруден көзге түсті. Ол канадалық Изабэл Вайдманға есе жіберді. Үшінші орында чехиялық Никол Здрахалова. 

Айта кетелік, ол 1000 метрге жүгіруден В тобында бірінші орын алған болатын.

А тобындағы финал (1500 метр) бүгін өтеді.