«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

«Барыс» есе жіберді. Құрлықтық лига аясында елордалық клуб мәскеулік «Спартакпен» жолықты.

Сырт алаңда өткен кездесуді қазақстандық команда белсенді бастады. Бірінші кезеңде Никита Михайлис пен Егор Петухов мергендігімен көзге түсті. Бірақ Юрий Михайлис баптайтын жігіттер бұл басымдықты ұзақ сақтай алмады. Алаң иелері екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Ал үшінші кезеңде тағы 3 шайба соғып, қорытынды нәтижені 5:2-ге жетікізді. Осылайша «Барыс» қатарынан төртінші кездесу жеңіліп отыр. Қазір ол Шығыс Конференциясының ең төменгі сатыларында. Қазақстандық команда келесі кездесуін де сырт алаңда өткізеді. Бұл жолы Череповец қаласының «Северсталь» клубымен жолығады.

Сондай-ақ...