Италия футбол клубының ойыншысы Стефано Сенсидің пәтері тоналды

«Интер» футболшысының үйінен шамамен 200 мың еуро ұрланған, деп хабарлайды Prospots.kz.

«Интердің» жартылай қорғаушысы Стефано Сенсиді А сериясының «Ториноға» қарсы ойын кезінде белгісіз біреулер тонап кеткен. Пәтері тоналған кезде Сенси футбол ойнап жатқан болатын. Болжам бойынша ұрылар ас үй терезесі арқылы кірген. Қаскүнемдер шамамен 200 мың еуроны жымқырған.

Сенси кейінгі уақытта А сериясында тоналған бірінші футболшы емес. «Наполи» футболшысы Адам Уна, «Дженоа» қақпашысы Сальваторе Сиригу және «Удинезенің» аңыз ойыншысы Антонио ди Натале де тоналған болатын.