«Тур де Ски»: қазақстандық шаңғышылар классикалық әдіспен он шақырымға жарысты

Швейцарияның Лейценхард қаласында өткен «Тур де Ски» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Ксения Шалыгина мен Ангелина Шурыга бақ сынаған болатын. 

Олар тиісінше 72 және 79 орыннан көрінді. 

Бұл бәсекеде финляндиялық Керту Нисканен жеңіске жетсе, екінші орынды швециялық Эбба Андерсон, үшінші орынды ресейлік Наталья Непряева иеленді.