Қазақстандық жас конькишілер әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жетті

Бұл күндері Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде отандық жас атлеттер ел қоржынын екі медальмен толықтырды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді.

Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтық бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.