Қазақстан ту ұстаушылары Олимпиаданың ашылу салтанатында тарихи образда шығады

Қазақстан командасының ту ұстаушылары, конькиші Екатерина Айдова мен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында тарихи образбен бой көрсетті. Олар Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының кейпінде ел алдына шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Команданың ту ұстаушылары киетін киімге негізінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқар мүйіз» бейнеленген.

Айта кетелік, өрнек элементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындады. Токио-2020 Олимпиадасында да осындай қадам жасалған болатын. Ал Жапониядағы жазғы ойындарға ту ұстаушылардың киімін тіккен дизайнер-модельер Виолетта Иванова Бейжің Олимпиадасы ту ұстаушыларының формасын да дайындады.