«Бавария» Бундеслиганы оныншы рет жеңді

Мюнхен «Бавариясы» Германия чемпионатының мерзімінен бұрын жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

31-турдың шеңберінде Юлиан Нагельсманның шәкірттері дортмундтық «Боруссияны» 3:1 есебімен жеңді. Осылайша мюнхендіктер 10-рет ұлттық біріншіліктің жеңімпазы атанып, Еуропаның ең үздік 5 лига клубтарының ішінде рекорд орнатты. «Бавария» құрамасы Италияның А сериясында 9 мәрте жеңіске жеткен туриндік «Ювентусты» басып озды.

«ПСЖ» ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Францяның бірінші лигасы да аяқталып қалды. «Пари Сен-Жермен» «Ланспен» теңбе-тең ойнады. Бірақ бұл Париж клубына бірінші орынды иеленуіне жеткілікті еді. «Пари Сен-Жермен» 34 турдан кейін 78 ұпай жинап жеңіске жетті. Екінші орындағы «Марсельде» 62 ұпай. «Пари Сен-Жермен» осымен 10-мәрте чемпион.