Жарқ етіп өте шықты: Денис Тен тірі болғанда 29 жасқа толар еді

Бүгін қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Жұлдыздай жарқ етіп сөнген спортшымыз 29 жасқа толар еді.

Денис 1993 жылы 13 маусымда Алматыда өмірге келген. Ол үш жасынан бастап коньки тепкен. 

Денис өзінің алғашқы ірі жеңісіне 12 жасында Қазақстан чемпионатында қол жеткізген. 

2014 жылы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткеннен кейін Денис Тен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы және жалғыз мәнерлеп сырғанаушы – Олимпиада жүлдегері болды. Сонымен қатар Денис – 2013 және 2015 жылғы әлем чемпионатында, 2015 жылғы құрлықтық чемпионатта, 2017 жылғы қысқы Универсиадада, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында және мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде медаль жеңіп алған жалғыз қазақстандық спортшы.

Өкінішке қарай, 2018 жылдың 19 шілдесінде автоұрылардың толынан қаза тапты. Спортшы көз жұмған Байсейітов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында Дениске арналған қола ескерткіш бар.