ӘЧ: Хорватия мен Морокка тең түсті

Хорватия мен Морокка тең түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатардағы әлем чемпионаты аясында «Ф» тобындағы қос команда өзара мықтыны анықтай алмады. Негізі құрамында өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы Лука Модрич бар еуропалық командадан көпшілік жеңіс күткен. Бірақ, Марокко лайықты қарсылық танытты. Екі команданың ойыншылары да кермет мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Қорытынды есеп: 0:0. Қазір қос құрама тең ұпаймен өз тобының екніші және үшінші сатыларына жайғасты. Енді бүгін «Н» және «G» тобындағы тартыстар басталады. Атап айтқанда, Бразилия мен Сербия, Швейцария мен Камерун, Португалия мен Гана және Уругвай мен Оңтүстік Корея ойнайды. Қатардағы әлем чемпионаты 18-ші желтоқсанға дейін жалғасады.