ӘЧ: Роналду рекорд жаңартты

Роналду рекорд жаңартты. Ол 5 бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Катар астанасы Доха қаласында аладоп аламаны  жалғасып жатыр .Топтық кезең аясында Португалия мен Гана құрамалары жолыққан еді. Матч тең дәрежеде өтті және қақпаға тура бағытталған соққылар аз болды. Тек 65-ші минутта ғана 11 метрлік айып добы белгіленіп, оны Кристиану Роналду сәтті орындады. Артынша ганалықтар да қарқынын күшейтіп, 73-ші минутта Андре Айю таразы басын теңестірді. Бірақ, қуаншытары ұзаққа созылмады. Матчтың соңына қарай қарсыластар сапындағы Жоао Феликс пен Рафаэл Леао мергендігімен көзге түсті. Матчтың аяқталуына бір минут қалғанда Гана ойыншысы Осман Букари есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ, жалпы есепте бәрібір жеңіліп қалды. Қорытынды есеп: 3:2. Жеңіске жеткен Португалия 3 ұпай еншілеп, өз тобының бірінші сапысына жайғасты. Ал Гана әзірге 4-ші орында. Осы топтағы қалған 2 команда, яғни, Уругвай мен Оңтүістік Корея тең ойнап, сәйкесінше, бірдей ұпаймен топтық тізімде екінші және үшінші сатыларға тұрақтады.