Жерлестердің дзюдодан жолы болмады

Жерлестердің жолы болмады. Дәл қазір Израильдің Иерусалим қаласында дзюдодан Masters турнирі өтіп жатыр.

Жылдың қорытынды жарысында ел намысын 13 спортшы қорғауда. Жарыстың кезекті күні оның үшеуі татамиге шықты. Бірақ жүлдеге қол соза алмады. Әсіресе орта салмақтағы Жансай Смағұловқа үлкен үміт артылып еді. Ол ширек финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Обидхон Номоновқа есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде молдовалық Петру Пеливаннан ұтылды. Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір отандасымыз Данияр Шамшаев және ауыр салмақтағы Абылайхан Жұбаназарлар алғашқы айналымнан аса алмады. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде спортшыларымыз салыстырмалы түрде сәтті өнер көрсетті. Әсіресе ең жеңіл салмақтағы Абиба Әбужақынова іріктеу кезеңінде Чили, Бельгия және АҚШ спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, қола жүлде үшін белдескен. Соңғы сында ғана қарсыласына есе жіберді. Ал ұлттық құрама үздігі Елдос Сметовқа оңтүстік кореялық дзюдошыдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Иерусалим қаласындағы жарыс бүгін де жалғасады және жарыс алаңына 4 бірдей жерлесіміз шығады.

Сондай-ақ...