Екпе алған адамдар коронавируспен қаншалықты жиі ауырады

SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесін алғандар арасында екпе салдырған адамдар үлесі анықталды.

Мұндай зерттеуді «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы жүргізген.

2021 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтанда SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша ПТР-тестін 28275 адам тапсырды, оның ішінде 19130 адам – екпе алмағандар және 9145 адам – екпе салдырғандар.

– Вакцина салдырмағандар арасында коронавирус бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесін 19,8% пациент немесе 3782 адам алды. Вакцина салдырғандар арасында оң нәтиже тек қана 1,8% адамда немесе 167 пациентте анықталды, – деп хабарлады «КДЛ ОЛИМП» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов. – Атап өтерлігі, екпе алғандар қатарында вакцинаның бірінші дозасын ғана салдырғандар, тестіні шетелге шығу үшін, жұмыс орнында көрсету үшін тапсырған клиникалық белгілері жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылар бар, – деп мәлімдеді зертхана басшысы.

«ОЛИМП» КДЗ желісінің жетекшісі бұл мәліметтердің жаппай вакциналаудың тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

– Біздің мәліметтерімізге сәйкес екпе алғандар вакцина салдырмағандармен салыстырғанда коронавируспен 10 есе (1,8% 19,8%-ке қарсы) сирек ауырады. Бұдан вакциналардың тиімділігін көруге болады, себебі коронавирус жұқтырғандар қатарында екпе алғандар саны өте аз, – дейді «КДЛ ОЛИМП» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов.