Көпшілігіміз фастфудты жылдам және арзан болған соң күнделікті өмірде жиі пайдаланамыз. Бұл тағамдар сапасыз өнімдерден жасалады, қолданылған маймен пісіріледі. Оның ағзаға қаншалықты зиян келтіретінін білесіз бе?
Созылмалы ауруларды күшейтеді және салмақ арттырады
Фастфудты үнемі жеу семіздік пен созылмалы аурулардың пайда болу қаупін арттырады. Health Promotion Perspectives журналының шолуына сәйкес, тез тамақтану салмақтың өсуіне, холестериннің және жүрек-тамыр аурулары мен қант диабеті қаупінің жоғарылауына әсер етеді.
Теріге зиян
Фастфуд терінің күйіне де әсер етеді. Cosmetic and Investigational Dermatology журналындағы есепке сәйкес, фастфуд, өңделген тағамдар мен қанттың көп мөлшерін қамтитын өнімдер безеуді көбейтеді. Негізгі себеп - қандағы инсулиннің жоғарылауы, ол осындай тағамдарды жеген кезде пайда болады. Мысалы, 2013 жылы балалар мен жасөспірімдерге жасалған зерттеуде аптасына үш реттен артық фастфуд-өнімдерді жегендердің ауыр экземаға шалдығу қаупі жоғары екені анықталған.
Қандағы қантқа әсер етеді
