КҚК мұнай құбырының жұмысы қалпына келді

Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының жұмысын қалпына келтірді.

Бұған дейін Атырау облысында соққан дауыл салдарынан екі әуе электр желісі істен шыққан еді. Олар Құрманғазы мұнай айдау станциясын қамтамасыз етіп тұрған. Қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін «KEGOC» ұлттық операторы өз қорынан қажетті тіректер бөлді. Осылайша қара алтынды жедел тиеу мен жөнелту мүмкін болды. Қазір Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры қалыпты жұмыс істеп тұр.