378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы бірнеше жарылыстан қаза тапқандардың саны 262-ге жетті

  • 185
Шри-Ланкадағы бірнеше жарылыстан қаза тапқандардың саны 262-ге жетті Vesti.Ru

Шри-Ланкадағы бірнеше шіркеу мен қонақүйде болған жарылыстарға қатысы бар деген 13 күдікті қамауға алынды.

Оларды ұстау операциясы барысында 3 тәртіп сақшысы қаза тапты. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік деп таныды. Әзірге террорлық әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Естеріңізге салайық, аралда барлығы 8 жарылыс болды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Теракт салдарынан қаза тапқандар саны 262-ге жетті. Тағы 452-ге жуығы жарақат алды. Олардың көбі ауыр халде жатыр. Мерт болғандардың ішінде 35 адам – Ұлыбритания, Нидерланд, Португалия, Түркия, Үндістан мен Қытай азаматтары. Қазір елде коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті билік жалған ақпарат таралмау мақсатында әлеуметтік желілерге шектеу қойды. Аймақтағы әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Айта кетейік, жарылыстар Пасха мерекесіне орай адамдардың шіркеуге көп жиналған кезінде жасалған. Рим Папасы Франциск Шри-Ланкадағы лаңкестікті қатаң сынға алды.

Хабар 24 телеарнасы