423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ санкциясы Иранға коронавируспен күресуге кедергі келтіріп отыр

  • 388
АҚШ санкциясы Иранға коронавируспен күресуге кедергі келтіріп отыр

Иранның коронавирусқа қарсы күреске шамасы жетпей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде бетперде мен медициналық қолғап, тест жүргізетін құрал-жабдықтар тапшы. Бұған АҚШ салған санкциялардың да әсері болған. Осының салдарынан ауруханалар эпидемияға тосқауыл қоя алмауы мүмкін. Осыған байланысты ресми Тегеран халықаралық қауымдастықтан санкцияны алып тастауға көмектесуді сұрады. Жалпы Иран қазір жұқпалы вирустың таралуы бойынша әлемде үшінші орында тұр. Ислам Республикасында дертті жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқан. 611 науқас қаза тапты. Дерттен 4 мыңнан астам науқас жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы