Ява теңізіне құлаған ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды

Мамандар әзірге оның қандай жағдайда екенін айтпай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, биыл 9 қаңтарда индонезиялық әуе компаниясына тиесілі Боинг апатқа ұшырап, теңізге құлаған еді. Оның бортында болған 60-тан аса адам түгел көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиғаға лайнер қозғалтқышындағы ақау себеп болған. Ұшақтың «қара жәшіктерінің» біреуі апаттан кейін бірнеше күннен соң табылды.

Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақ ауаның қатты ағымына тап болған. Ол теңізге құлаған сәтте жарылған.