Суэц каналы кеңейтілетін болды

Суэц каналының басқарма басшысы Усама Рабиа каналды кеңейту мәселелері қаралып жатқанын мәлімдеді.

Бұл контейнер тасымалдайтын кемемен болған оқиға қайталанбауы үшін қолға алынатын ауқымды шаруа болмақ.

Суэц каналының дирекциясы Ever Green кемесі қате маневр жасаған, салдарынан қатты ауытқып кеткенін алға тартып отыр. Сол кезде соғып тұрған шаңды дауыл мен қатты жел жағдайды қиындатқан. Бірақ басқарма ауа райы төтенше жағдайдың басты себебі емес екенін айтты. Өйткені оқиғаға дейін канал арқылы дәл осындай ауа райы жағдайында шамамен 12 басқа кеме сәтті өткен.

Қазіргі уақытта Жерорта мен Қызыл теңізді байланыстыратын Суэц каналының жалпы ұзындығы 193,3 км, тереңдігі 24 м. Сол себепті канал арқылы ең ірі кемелер, соның ішінде мұнай құятын танкерлер де өтеді.

Еске сала кетсек, Ever Given контейнерлік кемесі 23 наурызда Суэц каналының оңтүстік бөлігін жауып, таяз жерге тұрып қалған болатын. Кемені шығару үшін алты күн қажет болды. Кесірінен 400-ден астам кеме өте алмай тұрып қалды.

Al Arabiya