«Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде Брэд Питт пен Зендея жүргізуші болады

Голливуд актері Брэд Питт пен актриса Зендея «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде жүргізуші болады.

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылардың Instagram парақшасында хабарланды.

Марапаттау рәсіміне Холли Берри, Хоакин Феникс, Лаура Дерн, Рене Зельвегер, Риз Уиттерспун, Харрисон Форд қатысады. Оларға лауреаттарға алтын мүсіншелерді тапсыру міндеті жүктелген.

2021 жылы іс-шара қалыпты форматта өтеді. 26 сәуірге қараған түні барлық номинациялар жеңімпаздарының есімдері аталады. Іс-шараға қатысушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу арқылы тексеріледі.

Ал марапаттау рәсімі Лос-Анджелестегі Dolby театрында өтеді.

Іс-шара АҚШ-тан бөлек Еуропадағы бірнеше жерде ұйымдастырылуы мүмкін екендігі хабарланған.