Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

Қырғыстанның кеден қызметінің хабарлауына қарағанда, Баткен облысында өз қызметін атқарып жүрген қырғыз сарбаздарына Тәжікстанның шекарашылары оқ атқан.

Ал Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты баспасөз орталығының мәліметіне сүйенсек, «бейсенбі күні Қырғызстанның төрт шекара күзеткен сарбазы Соғди облысы, Деваштич ауданы Росровут уческесіне заңсыз өтіп, бірнеше бас жылқы ұрлап, өз жағына айдап өтпек болды. Олардың қолында Калашников автоматы болды. Тәжік шекарашыларының ескертуін елемей, талабына бағынбай оқ атқан. Тәжікстан жағы да қарумен жауап қатып, екі күдіктіні жаралады». Ал Баткен облысының әкімшілігі «оқиға Қырғызстанның Ләйлек ауданында болды. Анық-қанығы тексерілуде», – дегенді айтты.

Салдарынан тараптар арасында атыс басталған. Кей мәліметтерге қарағанда, екі адам зардап шеккен. Баткен облысының әкімдігі тағы екі қызғыз әскери кепілге алынғанын хабарлайды. Ал Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қаруланған 4 қызғыз шекарашы Тәжікстан аумағына ескертуге қарамастан заңсыз кіргенін айтып отыр.

Оқиғаның жай жапсары анықталып жатыр. Төтенше жағдай не себепті орын алғанын білу үшін екі мемлекеттің жауапты қызметкерлері шекараға келіп, келіссөзді бастап кетті. 

Бұған дейін де шекарада жағдай ушығып, салдарынан бес ауыл эвакуацияланған болатын. Екі ел бірлескен мәлімдеме жасап, кейіннен арадағы мәселе шешілгенін де жазғанбыз.

Осы тақырып бойынша өзге де материалдар:

Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандар саны 20 адамнан асты

Қырғызстан 1-2 мамырды аза тұту күні деп жариялады