Канадада орман өртінен елді мекендерге қауіп төнді

Канаданың Британ Колумбиясы провинциясында орман өрті бірқатар елді мекенге жақындап, жүздеген тұрғын көшуге дайындалып жатыр.

Аймақта табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Жалпы провинцияда 300-ден астам өрт ошағы тіркелген. Зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Мамандар өңірде жаңбыр жаумаса жалынды сөндіру қиынға соғатынын айтады.

Карели Дерузьерс, өрт сөндіруші:

- Егер қазір провинцияда жаңбыр жаумаса, одан бетер өрт ошағы көбейеді. Ал лаулаған жерлерді сөндіру күннен күнге созыла беруі мүмкін.