Нидерланд жағажайында темекі тұқылдарын робот жинайды

Оны жергілікті компаниялардың бірі ойлап тапқан.

Технология жасанды сананың көмегімен темекі тұқылдарын басқа қоқыс түрінен ажыратады. Бір кемшілігі, робот әрі кетсе 2 сағат қана жұмыс істей алады. Сондықтан болашақта оны күн батареяларымен жабдықтау жоспарда бар. Негізі өнертапқыштардың дәл темекі тұқылдарына көңіл бөлуі бекер емес. Өйткені ондағы фильтр теңіз жануарлары үшін қауіпті 30-дан аса химиялық зат бөледі. Жалпы, жыл сайын қоршаған ортаға 4 жарым триллион темекі тұқылы тасталады. Ондағы заттардың шіру уақыты 14 жылға дейін жетуі мүмкін.