Қытайда мектеп оқушыларының формасына микрочиптер тігіле бастады

Чжухайдағы бастауыш мектеп эксперимент ретінде мектеп оқушыларының киімдеріне микрочиптер тігіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Жаңашылдық балаларды нақты уақыт режимінде бақылауға көмектеседі. Егер бала қауіпті аймаққа түссе, отбасы немесе мұғалімдердің ұялы телефонына дабыл келеді. Микрочип сондай-ақ хабарлама алмасуға мүмкіндік береді.

Ата-аналардың көбі ел билігі электронды бақылау жүйесі арқылы шектен шықты дейді және чиптерді қылмыскерлерді бақылауға арналған электронды білезіктермен салыстыруда.

Әлемдегі барлық бейнебақылау камераларының жартысы Қытайда шоғырланған. Олардың кейбіреулері тікелей мектеп сыныптарында орнатылған.