Канадада лай көшкінінен бір адам мерт болды

Тасқын мен лай көшкіні Канада тұрғындарын әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақпарат көздері Британдық Колумбия провинциясында бір адамның опат болғанын хабарлайды. Жеті мың тұрғын эвакуацияланды. 300 адам аймақтағы тас жолдардың бірінде су ортасында қалып, өте алмай тұр. Мамандар кей аудандарда ылғалдың бір айлық мөлшері түскенін хабарлайды.