АҚШ мұнай қорын пайдаланбақ

АҚШ президенті елдің Стратегиялық мұнай қорының көмегіне жүгініп, миллиондаған баррель шикізаттың нарыққа шығарылатынын мәлімдеді.

Байденнің тапсырмасы бойынша, АҚШ-тың Энергетика министрлігі алдағы уақытта 50 миллион баррель мұнай таратуға тиіс. Бұл ұлттық мұнай резерві тарихындағы бұрын-соңды болмаған мөлшер, деді демократ.  АҚШ-та қазір бір литр бензиннің бағасы – 470 теңге. Бұл елде 7 жылда болмаған көрсеткіш. Джо Байденнің айтуынша, бағаны қолдан өсіруді ойлағандар заң алдында жауап береді. 

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Бензин бағасының өсуі – ең үлкен проблема. Тек АҚШ қана емес, басқа елдер үшін де проблема. Баға Еуропа мен Азияда рекордтық деңгейге жетті. Бірақ мұнай қорының көмегімен бұл мәселенің шешімін табамыз деп ойлаймын. Әрине, бұл бір күннің шаруасы емес. Егер ұзақ мерзімді дұрыс жоспар құрсақ, бензин бағасын төмендетуге болады. Біздің экономикамыз қайта қалпына келіп жатыр. Осы әрекеттеріміз арқылы қарапайым газ құю бекеттеріндегі бағаны түсіруге тырысып жатырмыз.

 

 

Сондай-ақ...