Хирург қателесіп, науқастың сау аяғын кесіп тастаған

Австрияда хирург дәрігердің бірі науқастың ауру аяғын кесудің орнына сау аяғын кесіп, жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

82 жастағы науқас Фрайштадт қаласындағы ауруханаға биыл мамыр айында түскен. Осыдан кейін оның сол аяғын кесу туралы шешім шығарылған. Бірақ хирург қателесіп, оның оң аяғына операция жасаған. Жіберілген қателік 2 күннен кейін науқастың аяғын таңу кезінде анықталады. Аурухана ресми кешірім сұрап, жіті тексеру жүргізілетінін айтқанмен, іс сотқа беріліп, хирургқа 2700 еуро айыппұл салынған. Ал хирург өз қателігін ауруханадағы операция жасау жүйесіндегі кемшіліктермен түсіндірген.