Ұлыбританияда алапат дауыл соқты

«Юнис» дауылы деп аталатын ала құйын елдің есін шығарды. Бүкіл корольдік аумағында қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпауға кеңес берілді. Синоптиктердің айтуынша, желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жеткен. Салдарынан елдің оңтүстік-батысында электр сымдары үзіліп, 50 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Уэльсте мектептер жабылып, пойыз қозғалысы тоқтаған. Порттар да жабық. Аймақтағы әскерилер жоғары дайындық режиміне көшкен.