Африкадағы гепардтарға жойылып кету қаупі төніп тұр

Жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұған контрабанда себеп дейді. Өйткені кейінгі уақытта құрлықтағы Кения, Сомали мен Эфиопия елдерінде тұрақсыздық пен кедейлік деңгейінің артуы салдарынан заңсыз саудамен айналысатындар көбейе түскен. Қаскөйлер жыртқыштарды негізінен Араб түбегіндегі елдерге сатады. Алайда оларды тасымалдау кезінде қажетті күтім жасалмай, соның салдарынан жануарлардың көбі жарты жолда өліп қалады.

Айта кеткен жөн, гепард жер бетіндегі ең жүйрік сүтқоректі саналады. Бүгінде бұл жануардың саны 7 мыңға да жетпейді.

Сондай-ақ...