Харковьте тоғыз бейбіт тұрғын қаза тапты

Ресей әскері Украинаның екінші ірі қаласы – Харковьті бірнеше рет атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 9 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Құрбандар арасында 5 айлық сәби мен әкесі бар. Ал анасы жарақат алған 19 адамның қатарында. Бұл туралы президент Владимир Зеленскийдің өзі мәлімдеді. Сондай-ақ ол зымыран шабуылдары Донбасс, Сумы және Запорожье аймақтарында да жалғасып жатқанын жеткізді. Өңір басшылары халықты бомбаханадан шықпауға шақырды. Ресей билігі Харковьтегі бейбіт тұрғындарға жасалған шабуыл туралы әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Басқыншылар Харковьті тағы да атқылады. Донбасс адам тұрмайтын аймаққа айналуы мүмкін. Ресей әскері Попасная, Бахмут, Лиман, Лисичанск, Северодонецкіні Волноваха мен Мариуполь сияқты күлге айналдыруды көздеп отыр.