Нидерландта фермерлер жолды жауып тастады

Нидерландтың Херенвен қаласында фермерлер супермаркеттерге барар жолдарды жауып тастады.

Жиылған жұрт осылайша биліктің тыңайтқыштарды қолдануды шектеу туралы бастамасына қатысты наразылығын білдірген. Үкімет 2030 жылға дейін атмосфераға азоттың бөлінуін азайтуды көздеп отыр. Алайда шаруалар бұл бастама салдарынан шаш етектен шығынға бататындарын айтады. Ереуіл соңы тәртіпсіздікке ұласып, қамауға алынғандар бар.

Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.