Италияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы басталды

Саяси науқанда 50 миллионға жуық азаматтың дауыс беру мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, 5 млн сайлаушы шет елдерде өз үміткерлеріне таңдау жасай алады. Ел бойынша және өзге мемлекеттерде бас-аяғы 60 мыңнан астам сайлау учаскелері ашылды. Жергілікті жүргізілген сауалнамаға сәйкес оңшылдар шамамен 47 пайыз, ал солшылдар 28 пайызға ие болады деген болжам бар. Дегенмен, сауалнамаға қатысушылардың 40 проценті әзірге нақты шешімдерін айта алмады. Егер оңшылдар коалициясы жеңіске жетсе, Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олар алғаш рет билікке келеді. Сайлау нәтижесі ертең, дүйсенбі күні жарияланады. Ал жаңа сайланған Парламент қазанның 13-і күні жұмысқа кірісуге тиіс.