Ауғанстанда Нангархар провинциясының орталығы Джалалабад қаласында бомба қойылған автокөлік жарылып, екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлады Синьхуа. «Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:10-да 4-полиция учаскесіндегі халық көп жүретін жолда, ұлттық барлаудың арнайы операциялары күштерінің колоннасы өтіп бара жатқан кезде болды», - деді жергілікті үкіметтің өкілі Аттахулла Хогиани. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір топ өз мойнына алған жоқ.