Иран әскері Ормуз бұғазында екі шетелдік кемені басып алды. Оқиғалар туралы бейнежазбаны мемлекеттік телеарна көрсетіп, оны «Рейтер» агенттігі таратты.
Иран АҚШ-тан бейбіт бітімге келуді сұраған жоқ және сұрамайды да. Парсы елінің Парламентіндегі Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қарым-қатынас комиссиясының төрағасы Ибрахим Азизи осылай деп мәлімдеді.
Анкарада түркі елдеріне ортақ бір ғасыр бұрынғы тарихи құрылтай ұлықталды. 1926 жылы Бакуде зиялылар көтерген ортақ әліпби идеясы бүгінде өз жалғасын тапты.