Аргентиналық мамандар 15 пингвинді емдеп, тіршілік ортасына қайта жіберді. Олардың дені сусыздану, ашығу сынды факторлардың әсерінен гипотермияға шалдыққан.
Қытайда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйесі қарқынды дамып келеді. Ірі мегаполистерде бір адам күніне орта есеппен бір келіден астам қоқыс шығарады.
Чили билігі заңсыз мигранттарды жаппай депортациялау шараларын бастады. Бұл шешімді ел президенті Хосе Антонио Каст көші-қон саясатын қатаңдату аясында қабылдаған.
Иран АҚШ-қа байытылған уран қорын беруге ниетті емес. Бұл жөнінде Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді.
Иран АҚШ-қа байытылған уран қорын беруге келісті. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Алайда Иран бұған қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Британиялық BBC хабар тарату корпорациясы қызметкерлерін жаппай қысқартқалы жатыр. «2 мың адам жұмыстан шығуы мүмкін», - деп хабарлайды Sky News телеарнасы.
Еуропада керосин 6 айға ғана жетуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Фатих Бирол мәлімдеді. Жағдай өзгермесе, әуе рейстерін жаппай кейінге шегеруге тура…