Таяу күндері АҚШ пен Иран арасында келіссөздердің жаңа кезеңі өтуі мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Израиль Иранға жаңа күшпен соққы беруге сақадай сай отыр. Ynet басылымының дерегі бойынша, ЦАХАЛ Бас Штабының бастығы Эяль Замир сарбаздарына қырағы болуды тапсырды.
Германияда Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары 48 сағаттық наразылық шарасын бастады. Deutsche Welle хабарлауынша, оған Eurowings лоукостері қосылған.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап адамзат 9 миллиард тоннадан астам пластик өндірді. Өмірімізді жеңілдетуге арналған материал экожүйе үшін нағыз дұшпанға айналды.
«Куба АҚШ-пен келісу қиын болса да, келіссөз жүргізуге дайын». Ел президенті Мигель Диас-Канель Бермудес америкалық NBC News телеарнасына берген сұхбатында осылай деді.
Әлемдегі геосаяси ахуал Азия қор нарығын да шайқалтты. Мәселен, Жапониядағы жетекші компаниялардың әл-ауқатын көрсететін «Никкей 225» индексі алғашқы сағаттарда-ақ 1,1 пайызға арзандады.
Гаитиде ұлттық мерекені тойлауға жиналғандар бір-бірін таптап, 25 адам мерт болды. Associated Press агентігінің мәліметі бойынша тағы 30 тұрғын жараланды.
Әлемде екінші ай қатарынан азық-түлік қымбаттады. Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы ұйымының дерегі бұл. Логистика, сосын отынның қымбаттауы әсіресе қант пен майлы дақылға ауыр тиді.
Ирандағы қақтығыс Шығыс Азия елдерінің экономикасына зардабын тигізуде. Ормуз бұғазының бұғатталуы мұнай жеткізуді тоқтатып, тек алып зауыттарды ғана емес, шағын бизнесті де тығырыққа тіреді.
Бүгіннен бастап Иран порттарынан шыққан немесе кіретін барлық кеме тоқтатылады. Президент Дональд Трамп кеше АҚШ теңіз күштеріне осындай тапсырма берді.
Испанияның Барселона қаласынан Газа секторына жаңа флот аттанды. Мақсат – Палестина халқына гуманитарлық көмек жеткізу және аймақты оқшаулауға қарсы тұру.
Иракта жаңа президент сайланды. «Күрдістан патриоттар одағының» атынан түскен үміткер Низар Амиди жеңіске жетті. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.