388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері концертпен аяқталды

  • 246
  • UPD: 18:47, 14.09.2019

Қыркүйектің 7-сі мен 11-і  аралығында Ресейде Қазақстан мәдениетінің күндері өткен. Осы шара аясында отандық өнерпаздар жергілікті көрерменге классикалық музыка концертін ұсынды.

Чайковский атындағы консерватория сахнасында Қазақстанның белгілі камералық ансамбльдерінің бірі Форте Трио және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Амир Тебенихин өнер көрсетті.

Чайковский атындағы консерваториясында пианист Амир Тебенихинның өнер көрсетуі Мәскеу тұрғындары үшін үлкен сый болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін көрермен жақсы таниды. 

Амир Тебенихин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мәдениет күндерінің жабылу салтанатында өнер көрсету - мен үшін үлкен абырой. Бағдарламамыз аралас болады. Біз қазақстандық туындылармен қатар әлем классикасын да орындаймыз. Мен Нағи Мендығалиевтің «Домбыра жөнінде аңызы» мен  Ференц Листтің Си-минор сонатасын ойнаймын. 

Мәскеу көрермендерінің әлем классиктерімен қатар заманауи қазақ композиторларының шығармаларын естуге мүмкіндігі болды. Классикалық музыканың шетел жанкүйерлеріне  «Forte Trio» ансамблі жақсы таныс. Бұл кеште ұжым Астор Пьяцолланың «Буэнос-Айрестегі жылдың төрт маусымы» және  Арман Жайымның «Көроғлы» поэмасын орындаған. 

Тимур Урманчеев, «Қазақконцерт» ұйымының көркемдік жетекшісі:

- Бұл ұжым мен Амир бүкіл әлемде танымал. Және біз еліміздің ең үздік мәдени жетістіктерімен Мәскеулік, ресейлік жұртшылықпен бөлісуге ризамыз. 

- Үлкен шаттыққа бөлендім! Музыканттарыңыз жауһардай екен!

- Керемет музыканттар! Осындай дәрежедегі орындаушылар Қазақстанда бар екенін білмеппін. Шынымен әлемдік деңгейде.

- Тамаша музыка мен орындауы үшін алғыс айтамыз! Қазақстанда дарынды жастар көп екен, бұған қуаныштымыз. Осындай орындаушыларды тыңдаудан ляззат алдым! 

Бұл кеште әртүрлі халықтардың әдемі хикаялары орындалды. Бұл Ресейдегі Қазақстан мәдениеті күндерінің лайықты аяқталуы болған.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы