Елорда әкімінің орынбасары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Елорда әкімінің орынбасары зиялы қауыммен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында мәдениет саласында атқарылған шаруалар талқыланды.

Ел астанасындағы бірнеше көше мен мектепке ұлы тұлғалардың есімі берілді. «Бұл жұмыс биыл да жалғасады», - деді Бақтияр Мәкен. Кездесуде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар да айтылды. Жиынға қатысушылар бірқатар ұсыныс айтты. Қала әкімінің орынбасары елдің мәдени дамуындағы елорданың орны ерекше екенін атап өтті.

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» деген болатын.