382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы сотталғандарды беру туралы келісім қаралды

  • 129
  • UPD: 19:02, 27.05.2019
Сенат отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы сотталғандарды беру туралы келісім қаралды

ҚР Сенатының кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы сотталғандарды беру туралы келісім қаралды.

Енді құжат, парламенттің жоғарғы палатасының пленарлық отырысында ратификациялануы қажет. Сондай-ақ бұл келісім құжатында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған тұлғаларды да беру қарастырылды.

Болат Дембаев, ҚР БАС Прокурорының орынбасары:

- Қазір Литвада жазасын өтеп жатқан Қазақстандық азаматтар жоқ. Қазақстанда Литвалық азаматтар жоқ. Халықаралық шарттар туралы заңның 11-бабына сәйкес бұл шарт ратификациялауға жатады. Себебі оның нормалары адам құқықтарына тікелей қатысты.

Хабар 24 телеарнасы